Жаңалықтар - сеть АЗС Sinooil
Компанияның
Жаңалықтары
Главная > Жаңалықтар > Qazpost-YTO мен Sinooil жанармай құю бекеттері базасында логистикалық пункттерді іске қосуда
Qazpost-YTO мен Sinooil жанармай құю бекеттері базасында логистикалық пункттерді іске қосуда
08 April 2025

2025 жылдың 8 сәуірінде «Qazpost-YTO» ЖШС мен «Sinooil» ЖШС арасында стратегиялық әріптестіктің ресми басталуы өтті — бұл Қазақстандағы логистика және жанармай салалары арасындағы синергияны дамытудың маңызды қадамы болды.

Келісім аясында Qazpost-YTO логистикалық компаниясының тапсырыстарды қабылдау және беру пункттерін Sinooil жанармай құю бекеттерінің инфрақұрылымына біріктіру жоспарлануда. Жоба халық пен бизнес үшін логистикалық қолжетімділікті кеңейтуге, сондай-ақ «соңғы миль» сервисін қадамдық қолжетімділік деңгейіне дейін дамытуға бағытталған.

Алғашқы пункт Алматы қаласында, Абай даңғылы 109Б мекенжайындағы №2 ЖҚБ-де, өз жұмысын бастады.

ЖҚБ— логистикадағы жаңа өсу нүктесі

Еліміз бойынша 180-нен астам станцияны қамтитын кең ауқымды желіге ие Sinooil компаниясы тек жанармай құю орны ғана емес, сонымен қатар жолдағы клиенттерге қызмет көрсететін толыққанды платформаға айналуда. Күнделікті жүргізуші бағытына логистикалық шешімдерді енгізу— бұл ЖҚБ-де көпфункционалды сервистерді қалыптастырудың қисынды қадамы, ол қазіргі клиенттердің қалауларына толық сәйкес келеді.

Электронды коммерцияны жеделдету

Бұл бастама қарқынды дамып келе жатқан электронды коммерция нарығын қолдап, халықаралық маркетплейстерден тапсырыстарды алуды жеңілдетеді. Qazpost-YTO Қытайдан тауар жеткізетін оператор ретінде бұл жобаның арқасында екі ел арасындағы логистикалық байланысты нығайтуға жаңа мүмкіндіктерді ашаы.

Болашаққа бағытталған саларалық әріптестік

Qazpost-YTO мен Sinooil ынтымақтастығы жанармай инфрақұрылымы цифрлық және логистикалық трансформацияның бір бөлігіне айналғанда салааралық интеграцияның әлеуетін көрсетеді. Бұл шешім жанармай құю бекеттерінің көп функционалды қызмет көрсету орталықтары ретіндегі рөлін күшейтіп, қазақстандық бизнестің тұрақтылығы мен инновациясын көрсетеді.

Опубликовано: 08 April 2025