Sinooil Halyk Bank терминалдарында WeChat Pay арқылы төлемді іске қосты.
SINOOIL компаниясы, жанармайды сату саласындағы көшбасшылардың бірі, Қазақстандағы ірі жанармай операторларының арасында бірінші болып Halyk Bank-тың барлық POS-терминалдарында WeChat Pay арқылы өзінің ЖҚБ-не төлеу мүмкіндігін енгізді.
Жаңа опцияның арқасында Қытайдан келген тұтынушылар мен WeChat Pay пайдаланушылары енді Sinooil жанармай құю бекеттерінде жанармай мен оған қатысты өнімдерді тікелей таныс және ыңғайлы қолданба арқылы — конвертацисиясыз және қосымша қадамдарсыз төлей алады.
WeChat Pay-ді енгізу – жай ғана технологиялық қадам емес, көліктік және экономикалық инфрақұрылымды дамытуға қосылған нақты үлес. Бұл интеграция әсіресе Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың нығаюы аясында өзекті болып отыр.
Sinooil
тұтынушыға бағытталған инновацияларға деген адалдығын көрсетеді және саланың
технологиялық дамуындағы позициясын нығайтады.