ЖШС "Sinooil" дизель отынының нарығындағы жағдайға қатысты хабарлайды; Бүгінгі күнде Шымкент МӨЗ жоспарлы жөндеумен байланысты дизель отынының шектеулі көлеміне, оның ішінде транзиттік көлік тарапынан да сұраныстың маусымдық артуына байланысты Біздің желіде тұтынудың күрт өскенің хабарлайды. Осыған байланысты, отынмен қамтамасыз ету кезінде ЖЖМ мұнай базасынан жанармай құю бекетіне дейін жеткізу кезінде үзілістер орын алуда. Нәтижесінде, Біз көп клиенттерді қанағаттандыру үшін әр клиентке шектеулі мөлшерде ЖЖМ сатуға мәжбүр болдық, себебі клиенттердің бір бөлігі ЖЖМ-сыз қалуы мүмкін, оның ішінде коммуналдық қызметтер мен басқа да қала өмірін қамтамасыз ету мекемелері бар. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар уақытша және қысқа мерзімді сипатқа ие. Осыған қатар Сіздерді түсінікпен және сабырлықпен карауларыңызды сұраймыз. Біздің компания ЖЖМ уақтылы жеткізу және Сіздің қажеттіліктеріңізді қанағаттандыру үшін барлық қажетті күш-жігер жұмсауда. Құрметпен, ЖШС "Sinooil" компаниясы