МАО (Май Ауыстыру Орны)

Майды тегін жедел ауыстыру дегеніміз SINOOIL компаниясының жанар-жағармай құю бекеттеріндегі шағын маркеттен май сатып алған кезде ұсынатын қызметі. Қозғалтқыштағы мотор майын ауыстыру, бензин құю маңызды шаруа екені баршамызға мәлім. Мотор майының өз ресурсы болады, минералды мотор майы үшін шамамен 6-8 мың километр, ал жартылай синтетикалық және синтетикалық автомайы үшін 10-12 мың километр.
 
Біздің дүкендерден Кунь-Лунь, Castrol, Mobil, ESSO, Valvoline, Mannol және Лукойл сияқты жағармай материалдарының жетекші өндірушілері ұсынатын қозғалтқыш майын және автомобильдің беріліс қорабы майын да сатып ала аласыз. Біздің дүкендердегі сапалы автомайлардың сан алуан түрі кез келген қозғалтқышты майлау қажеттігін қанағаттандыра алады. Біз автомобиль қозғалтқыштарының сан алуан түрлеріне арналған автомай түрлерін, бензинмен жүретін моторлар майын, дизель отынымен жүретін моторлар майын және екі, төрт тактілі қозғалтқыштар майын, беріліс қорабы мен май тарату қорабы автомайының түрлерін ұсынамыз. Мамандарымыз техникалық және пайдалану сипаттамаларын ескере отырып, сондай-ақ автомобиль майын сатудағы көп жылғы тәжірибелерін негізге ала отырып, автомобиліңізге лайық  мотор майын таңдап береді.

Майды вакуумдық тәсілмен ауыстыру барлық жұмыстарды жылдам орындап шығуға мүмкіндік береді. Майды вакуумдық тәсілмен автомобильдің барлық маркаларында дерлік ауыстыруға болады. Басты талап майды ауыстыру үшін автомобиль сүзгісінің қол жетімді жерде болуы. Біздің тәжірибелі механик маманымыз қажет болса автомобиль қозғалтқышын ескі майдан тазартып береді, автомайға мотор жұмысын жақсартатын сапалы қоспалар қосуды ұсынады, айтсаңыз қосып та береді. Сіздің ыңғайыңыз үшін SINOOIL компаниясының жанар-жағармай құю бекеттерінде Май ауыстыру орындары (МАО) ашылған. Дүкеннен мотор майын сатып алсаңыз, сол жерден Сізге оны тегін ауыстырып береді. Жоғары санатты жабдықтар, ісіне деген жауапкершілік, көп жылғы тәжірибе, міне, мамандарымыздың жұмысының басты құрамдас бөліктері осылар.
 

Май ауыстыру технологиясы:

Автомобиль ескі май ағатындай температураға дейін қызады, вакуумды сорғымен май тұратын қуыстан қозғалтқыш картерінен май сорып шығарады, ескі май сүзгісі шығарылып, жаңасы орнатылады, содан кейін автомай құйылады. Осы әрекеттерден кейін автомобиль қозғалтқышын сүзгі жұмысын тексеріс көру үшін іске қосу қажет, сүзгі қосылған кезде май қысымын көрсететін шам сөнеді, қозғалтқыш сөніп, қозғалтқыштағы май деңгейі тексеріліп, дұрысталады. Мұның барлығы 5-10 минут уақытты алады, ал нәтиже майды келесі ауыстырғанға дейін сақталады (қозғалтқышты тазартып ауыстырған кезде жұмысқа 10-15 минут уақыт кетеді). Компаниямыз қызметкерлер құрамының кәсіптік шеберліктерін тұрақты түрде арттыру туралы ойлап, қызмет көрсетуші консультанттар мен механиктерді оқытудың арнайы бағдарламасын әзірлеген.