Шағын маркеттер

SINOOIL компаниясы ЖЖБ-дағы шағын маркеттер желісін назарыңызға ұсынады. Олар тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Қазіргі уақытта желі құрамында 95 шағын маркет бар, олардың 28-і Алматы қаласы мен Алматы облысында, ал қалғандары – Астана қаласы мен Қазақстан Республикасының облыстарында орналасқан.

Біз өз сатып алушыларымызға қол жетімді баға мен тауарлардың сан алуан түрлерін, автомобильге май құю кезінде жайлы сауда жасау мүмкіндігін ұсынамыз. Бұл жерден халық тұтынымдағы тауарлар, автомобиль аксессуарларын, май және өзге де заттар сатып ала аласыз. Тауарлардың сан алуан түрлерінен басқа ЖЖБ-да өте маңызды «қажетті де жылдам сауда» қағидаты қалыптасқан. Кішігірім алаң ішінде жолда ғана емес, үйде де қажет болуы мүмкін заттардың барлығы бар. Сауда алаңының аймағын ұтымды ұйымдастыру саудаға бес минуттан көп уақыт кетірмеуге мүмкіндік береді.

Тауарлардың сан алуан түрі мен арнайы оқытылған қызметкерлер Сізге қажет өнімді таңдауға көмектеседі. Қандай да бір тауардың сипаттамасына қатысты сұрақ туындаған жағдайда немесе тауарды таңдаудан қиналып тұрсаңыз, жылы шырайлы сатушы барлық мәселе бойынша көмектесіп, толық ақпарат береді. Автомобильге май құю кезінде тауар сатып алу мүмкіндігінен басқа, тегін қызмет алу мүмкіндіктері де қарастырылған. Мысалы, автомобиль майын сатып алсаңыз, оны тегін ауыстырып ала аласыз

Шағын маркетте ұсынылатын тауарлардың тізбесі:

Азық-түліктер тобы: Кондитерлік өнімдер – кәмпит, шоколад батончиктері, шоколад, печенье, сағыздар; Алкогольсіз сусындар – жеміс-жидек шырындары мен сусындар;
Снектер – кептірілген нан, қақталған балық өнімдері, құрғақ таңғы ас, чипстер;
Мұздатылған өнімдер - балмұздақ, жартылай дайын өнімдер;
Өзге де азық-түлік тауарлары.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобы: Автотауарлар - автохимия, автобөлшектер, автоаксессуарлар, жағу материалдары; Гигиена құралдары - салфеткалар, сусабындар, сабын, тіс пастасы; Шаруашылық тауарлары – тұрмыстық химия, шаруашылық керек-жарақтар, батарейлар, тұтандырғыштар; Полиграфия өнімдері – мерзімдік баспасөз, журналдар, атластар, карталар; Темекі өнімдері; Ойыншықтар;Өзге де заттар.