Талондар

Бензинге берілетін талон дегеніміз SINOOIL компаниясының жанар-жағармай құю бекеттерінде бензин мен дизель отынына ақы төлеу түрі. Бұл бензин мен дизель отынын құю, есепке алу және есептен шығару тәртіптемелерін едәуір жеңілдететін ыңғайлы, пайдалы және өзін жақсы көрсеткен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәсілі.
 
Талондар халықаралық стандарттарға сай және қорғаныс дәрежелерінің бірқатарына ие. Жанармай алуға берілген әрбір талон ерекше штрих-кодпен жабдықталған, оның арқасында жанармай мөлшерін есепке алып отыруға болады. Талондарда жанармайдың түрі мен номиналы көрсетіледі. Номинал – дегеніміз бензиннің немесе дизель отынының литрлер саны, оны жанар-жағармай құю бекеттерінде жанармай талонының орнына алуға болады. Талондардың номиналы 10, 20, 40, 50 және 100 литрге сәйкес келеді. Әрбір талонның қолданылу мерзімі тиісті шығыс құжатына қол қойылған сәттен бастап үш айды құрайды. Қолданылу мерзімі өткен талондар жарамсыз ден танылып, олар бойынша қызмет көрсетілмейді.

Талон қолданудағы артықшылықтар:

  • Талонды қолдану Сізді қолма-қол ақшамен есеп айырысудан арылтады, бухгалтерлік есеп жүргізуді жеңілдетеді, ЖЖБ желілерінде сапалы жанармай құйылғанына кепілдік береді.
  • Талон алу арқылы бензин бағасының қымбаттауынан 3 ай болса да алаңсыз боласыз. Жанармай бағасы қымбаттаған күннің өзінде ақысы төленген литр мөлшерін аласыз.
  • Жоғары технологиялы өндіріс жүйесі бензинге берілген талонды жасанды талондардан ерекшелендіреді.

  • Жанармай алуға берілген талондардағы штрих-код талондардың автоматты есебін жүргізуге және құйылған жанармай есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда, клиент өзінің кәсіпорнындағы талондардың қозғалысы жөнінде есеп сұрай алады.

Талонмен көрсетілетін қызметтерге ие болу үшін:

  • Шарт жасап, төлем төлеу шотын алу;
  • ЖЖМ құнын шот негізінде төлеу;
  • Заңды тұлғаларға талон алуға сенімхат ұсыну, ал жеке тұлғаларға – жеке куәлігі мен СТН-ін ұсыну қажет.

Клиент ай сайын есепті айдан кейінгі айдың оны күні нақты таңдалған ЖЖМ мөлшеріне берілген талон бойынша салық  шот-фактурасын алып тұрады.

Барлық сауалдарға жауап береміз! Тел: (727) 397 42 71