Автомобиль жуу орындары

SINOOIL компаниясы Сізге ыңғайлы болу үшін автомобиль жуу қызметінің және автомобильдерге косметикалық қызмет көрсетудің толық кешенін ұсынады.  Сервистік қызметтердің бүкіл пакеті осы саладағы жетекші өндірушілердің заманауи, сапалы және қауіпсіз автокосметикасын қолданып, «Karcher» неміс өндірушісінің ең жақсы жабдығымен орындалады.

SINOOIL компаниясының автомобиль жуу орындарында автомобильді жуу қызметтерінің сан алуан түрлері ұсынылады:

  • шанақты қолмен жуу;
  • шанақты автоматты  жуу;
  • қозғалтқышты жуу;
  • дөңгелек дискілерін тазалау;
  • шанақты сүртіп жылтырату;
  • автомобиль ішін тазалау;
  • автомобиль ішін химиялық тазалау.
жедел-жуу дегеніміз автомобильді автоматты жуу қондырғысын қолданып жуу. Жуудың мұндай әдісі шанақ пен дөңгелек дискілерін жылдам, әрі сапалы түрде жууға, одан кейін ауа үрлеп кептіруге мүмкіндік береді, қондырғыға құйылатын арнайы жуу құралдарының (көпіршік, автомобиль сусабыны, балауыз), жуу щеткаларының және щеткалардың басылу күшін фотоэлементтермен автоматты түрде бақылау жүйесінің  арқасында автомобильдің лак-бояулы беті бүлінбейді.

Жедел-жуу құралдары SINOOIL компаниясының төмендегі мекен-жайларында орналасқан үш жанар-жағармай құю бекеттерінде орнатылған:

  • № 2 ЖЖБ, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 109 Б, Мирзоян көшесінің қиылысы;
  • № 5 ЖЖБ, Алматы қаласы, Айнабулақ ықшам ауданы, Жұмабаев көшесі, 134/2;
  • № 22 ЖЖБ, г. Алматы,  Саин көшесі,  Жұбанов көшесінің қиылысы.

Автомобиль жуу кешенінің қызметтеріне қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да есеп айырысу арқылы ақы төлеуге болады. Біз автомобиліңіздің шаңы шыққан қаланың жағымсыз ауа-райы жағдайларында да жарқырап көруіне көмектесеміз.