Смарт-карталар

Әр заманның өз талабы бар. Қолма-қол ақшасыз ақша айналымы қолма-қол есеп айырысуды жайлап ығыстырып келеді. Автомобилисттердің өмірін жеңілдету үшін, SINOOIL компаниясы Сізге клиенттерге смарт-карталар арқылы қызмет көрсету бағдарламасына қосылуды ұсынады. Смарт-карта дегеніміз электрондық микросхемасы (чипі) кіріктірілген нөмірленген пластикалық төлем карточкасы.

Смарт-карта жеке PIN код – құпия цифрлық кодпен (төрт мәнді сан) қорғалған, оны клиент өзі тереді.  PIN кодты карта иесі ғана білуі тиіс. Смарт-картада кодты дұрыс енгізе алмай, оны қайта-қайта теру саны шектелген, сондықтан ол бірнеше рет дұрыс енгізбеген жағдайда бұғатталып қалады.  Картаның бұғатын абоненттік бөлімге барып ашуға болады, ол үшін өзіңізбен ұйым атынан жазылған хат пен картаңыз болуы тиіс.
 
Смарт-карта SINOOIL компаниясының меншігі болып табылады, оны шартты қолданылу мерзімі өткеннен кейін компанияға қайтару қажет. Карталар уақытша қолдана тұруға абоненттік төлемсіз беріледі. Клиент картасын жоғалтып алған жағдайда немесе оның функционалдық қабілеттері істен шыққан жағдайда картаның құнын төлеп, онда қалған қаражатты аудару арқылы жаңа карта алады.

Әрбір смарт-картада электрондық қапшық туралы ақпарат болады:

  • қапшық түрі (жанармай түрі, теңге);
  • тәуліктік (айлық) лимит;
  • қапшықтағы қаражаттың қалдығы.

Клиенттің смарт-картасындағы қапшық литрлік немесе ақшалай болуы мүмкін:

Литрлік қапшық - бұл картадағы шот, онда клиенттің өтінімі (белгіленген нысанда жазбаша түрде) бойынша алдын ала төлеуге шот ашу сәтіндегі бағамен белгілі бір жанармай түрі мен оның мөлшері болады. Ондағы жанармай бағасы бекітілген,  бағаның ауытқуына тәуелсіз болады.
Ақшалай қапшық - дегеніміз картадағы шот, онда клиенттің өтінімі (белгіленген нысанда жазбаша түрде) бойынша бөлінген ақша сомасы болады. Бұл жағдайда клиент транзакция жүргізу сәтіндегі бағамен ЖЖБ-дан ЖЖМ (жанар-жағармай материалдарын), тауарлар (ЖЖБ-дағы шағын маркеттен) және қызметтер (май ауыстыру орындары мен автожуу) сатып ала алады.

Смарт-карталар арқылы қызмет көрсету артықшылығы:

  • Өткен күнтізбелік ай ішінде барлық смарт-карталар бойынша жасалған операцияларды көрсететін шот бойынша толық есеп алу мүмкіндігі. Есептіліктің дәл осы жүйесі смарт-карталар арқылы жасалған әрбір транзакцияны ашық көрсетіп, ЖЖМ-ға кеткен шығынды бақылап отыруға мүмкіндік береді. Бұл қолма-қол қаражатпен есеп айырысу кезінде орын алатын жауапсыз жүргізушілер тарапынан болатын теріс әрекеттерге жол бермейді.
  • SINOOIL компаниясының абоненттік бөліміне бару уақытын үнемдейді, себебі тапсырыс пен шот факс арқылы жіберіледі, шот бойынша төлем төлегеннен кейін смарт-карталарға қашықтықтан басқару арқылы ақша толтырылады.

Смарт-карталар бойынша қызмет алу үшін мыналар қажет:

  • Шарт жасап, төлем төлеу шотын алу;
  • ЖЖМ құнын шот негізінде төлеу;
  • Заңды тұлғаларға смарт-карта алуға сенімхат ұсыну, ал жеке тұлғаларға – жеке куәлігі мен СТН-ін ұсыну;
  • Тапсырыс бланкісін толтыру қажет.

Клиент ай сайын есепті айдан кейінгі айдың оны күні нақты таңдалған ЖЖМ мөлшері үшін карталар бойынша үзінді-көшірме мен шот-фактура алып тұрады. Клиент компанияға жазбаша хабарлама жіберіп, картасын бұғаттай алады. Бұл жағдайдағы карталар Тоқтау парағына енгізіліп, олар бойынша ЖЖМ берілмейді.  Клиент бір жұмыс күні ішінде жазбаша өтініш беріп, картасының қолданысын қалпына келтіре алады.