ЖҚС

 SINOOIL компаниясы Қазақстан бойынша ЖЖМ бөлшектеп және толайым сатуда маманданған. Компания өз кезеңінде нарықта сервис пен қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейімен сапалы мұнай өнімдерін тұрақты жеткізуші ретінде танылды. SINOOIL компаниясы сататын мұнай өнімдерінің көпшілік бөлігі Шымкент қаласындағы «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС мұнай өңдеу зауытында өндіріледі. Бұл зауыт Қазақстан Республикасындағы ең заманауи және техникалық жабдықталған мұнай өңдеу зауыттарының бірі болып табылады. Мұнай өнімдерінің сапасын бақылау – SINOOIL компаниясының басты бағыттарының бірі. Бұл міндетті шешу үшін компанияда Сапаны өтпелі бақылау жүйесі құрылған, оның мәні мұнай өнімдерінің сапасын барлық қозғалыс сатыларында, яғни мұнай өнімдерін өндіруден ЖҚС-дегі отын-тарату колонкаларына дейін бақылауда.    

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы аумағында SINOOIL компаниясына тиесілі 110 жуық жанармай құю станциялары бар. Біздің клиенттерімізге Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарында қызмет көрсетіледі

ЖҚС-ні картада көрсету

  • 01
  • 02