Sinooil brand жобасының тауарлары

“Sinooil" әйнек жуғышы – қатпайтын сұйықтық

Автомобильдің әйнегін тазарту үшін, мұз қатпауы үшін және жабысқан балшықты оңай еріту үшін қолданылады, әйнекте із, шаң және құбылмалы бұлдырлар қалдырмайды, шанақтың лак-бояулы бетіне, резеңке және пластикалық бөлшектерге зиянсыз, метанолсыз. Өндіруші зауыт «BARDAHL» (Бельгия) және «DURANT» (Франция).

Құтыға құйылған сұйықтық түріндегі "Sinooil" хош иістендіргіштері

Жылыту дефлекторына іліп қоюға болатын құтылардан тұратын арнайы блок болып табылады. Қосымша құтыны бөлек сатып алуға болады. Бұл хош иістендіргіштер көп уақытқа дейін әсер ете алады (шамамен бір жарым жыл).

Гель түріндегі  «Sinooil» хош иістендіргіштері

Хош иістендіргіш сұйықтық құйылған кішкентай пластикалық құты. Жағымсыз иістерді толықтай жойып, автомашинаңыздың ішін тамаша хош иіспен толтырады.

Доп түрінде жасалған "Sinooil" хош иістендіргіштері

Автомашинаңыздың ішін жағымды иіске толтыруға арналған.

Қатты қағаздан жасалған "Sinooil " хош иістендіргіштері

Арнайы хош иістендіргіш майына малынған қатты қағаздан жасалған мүсіндер.

«Sinooil» хош иістендірілген ойыншықтары

Жағымсыз иістерді толықтай жойып, автомашинаңыздың ішін тамаша хош иіспен толтырады.

«Sinooil» қағаз орамалдары

Күнделікті қолдануға арналған, ылғалды жақсы сіңіретін ерекше жұмсақ орамалдар. Қағаз орамалдарды қалтада, әйелдердің қол сөмкесінде немесе әмиянда салып жүрген ыңғайлы.

«Sinooil» оттықтары

Қуат көзін немесе басқа да шығыс материалдарын қажет етпейді. Конструкциясында пьезоэлектрик бар. Батырмасын жылжытсаңыз бірнеше қуатты ұшқын береді.

«Sinooil» күнделікті қағаз майлықтары

Күнделікті қолдануға арналған. Майлықтарды алу үшін ынғайлы саңылауы бар қатты қағаздан жасалған қорапта ұсынылады.

«Sinooil» ылғал майлықтары

Қол терісіне жайлы күтім көрсетеді, жақсы тазартады (жанармай, машина майы, күйе және т.б.), жұмсартады және ылғалдандырады, жағымсыз иістерді бейтараптандырады. Жұмсақ лосьон теріні тітіркенуден қорғайды. Машинамен жұмыс істеген кезде, жолда, демалыс кезінде таптырмайтын зат.

«Sinooil» авариялық тоқтау белгісі

Авариялық тоқтау белгісі көліктің мәжбүрлі тоқтап қалғынын көрсету үшін қолданылады, қызыл түсті жарық қайтаратын тақтайшалардан жасалған, ыңғайлы қорап ішінде. Ол әрбір автомобильді жабдықтау үшін қажет. Белгі жол қозғалы­сына қаты­сушыларға жақсы көрінеді.

«Sinooil» 500 А стартер кабелі

Стартер кабелі автомобиль аккумуляторына қуат жетпеген кезде қажет. Ол басқа көліктің аккумуляторына қосылу арқылы көлік қозғалтқышының от алуын жеңілдету үшін қолданылады.

«Sinooil» сүйреткіш тросы

Сүйреткіш трос сынған көліктерді сүйреу үшін қолданылады.
Тростың ерекшеліктері:

  • Екі карабині бар өте берік көп өрімді  арқаннан жасалған;
  • Салмақтың әсерінен созылып және бірте-бірте тарту күшін үдете түсуге мүмкіндік бере отырып, динамикалық салмаққа өте төзімді келеді. Тростың күші 5 тонналық автомобильдің салмағына есептелген (ұзындығы 5 метр).

«Sinooil» спрей - хош иістендіргіштері

Спрей-хош иістендіргіш – ең танымал хош иістендіргіш, көлікте, үйде және басқа да ғимараттарда қолдануға аса лайықты. Ұсынып отырған керемет 5 иістің үйлесімді гаммасының ішінен кез-келген ұнаған иісті таңдауыңызға болады:
Breeze - теңіз самалы;
Pine – қылқан жапырақ;
Lemon – лимон;
Vanilla – кашемир мен ваниль жұмсақтығы;
Strawberry – құлпынай иісі.