Компанияның міндеттері

SINOOIL компаниясы табиғат ресурстарының қуатын адам игілігіне жұмсау бағытында жұмыс істейді. Компанияның қызметі өңірдің экономикалық гүлденуіне, әлеуметтік тұрақтылығына ықпал етіп, өркендеп, дамуына көмектеседі, қоршаған ортаның сақталуын және табиғат ресурстарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Компанияның ұраны - "Экология мен энергия үндестігі". SINOOIL компаниясы осы ұранмен құрылып, осы ұранмен жұмыс істеп келеді.

Компания өз қызметін адал атқарып, барлық іскерлік қарым-қатынасты жоғары этикалық стандарттарға сай орнатуды өз борышы санайды.

Компания өз қызметін қоршаған ортаға, компания қызметіне жұмылдырылған барлық адамдардың, жалпы жұртшылықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне дұрыс қарап жүзеге асыру міндеттемелеріне қатаң қарайды.

Қызмет барысында қоршаған ортаны қорғауда басшылыққа алынатын төмендегідей қағидаттар қолданылады:
  • қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдар мен нұсқаулықтарды орындау;
  • қызметті қоршаған орта сапасына деген тиісті құрметпен жүзеге асыру;
  • туындайтын экологиялық мәселелерді талдауда, экологиялық проблемаларды шешуде мемлекеттік, өңірлік және жергілікті билік органдарымен бірге жұмыс істеу;
  • қоршаған ортаны қолданыстағы технологиялармен үйлесімде қорғаудың тиімді тәртіптемелері мен жабдықтарын қолдау;
  • шылым шегуге болмайтын жерлерде шылым шегуге қатаң тыйым салу.

Біздің басты стратегиялық мақсатымыз – Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері нарығындағы бөлшек саудамен айналысатын компаниялар арасынан ерекше орын алу.

Күнделікті қызметімізде біз төмендегі этикалық нормалар мен заңдарды басшылыққа аламыз, оларға сай әрекет етеміз:

  • қауіпсіз болу және қоршаған ортаға зиян келтірмеу;
  • қолданыстағы заңнама талаптарына сай болу;
  • адал бәсекелестік жағдайында әрекет ету;
  • ашық, шынайы және адал болу;
  • клиенттердің, қызметкерлердің, акционерлердің, коммерциялық және қаржылық серіктестердің және Компания қызметі өріс жайған өңірлердің заңды мүдделеріне құрметпен қарау.

Компанияның мақсаттары

Қауіпсіздік – қауіпсіздіктің жоғары деңгейі бизнесіміздің жандануының кепілі;

Тиімді менеджмент – Компанияның табысты жұмыс істеуіне жағдайлар жасайды;

Қызметкерлер – біз әрбір қызметкердің ортақ мақсаттарға жетуге қосқан үлесін жоғары бағалаймыз;

Бизнесіміздің нәтижелігі алға қойған мақсаттарды белгіленген мерзімдерде орындаудан көрінеді;

Клиенттердің  сенімі  біз үшін пайдадан жоғары;

Серіктестеріміздің сенімі – бірлескен мақсаттарға жетудің іргетасы;

Өзара сенім – бұл табысты командалық жұмыс кепілі;

Пайдалылық Компания жұмысының табысты болу критерийі, мұнай өнімдерін сақтау және сату саласындағы қызметтеріміздің бәсекеге қабілетті болу критерийі;