SINOOIL ТУРАЛЫ

Бүгінгі күні SINOOIL компаниясы – Қазақстан Республикасының көптеген өңірлерінде филиалдары, жанар-жағармай құю бекеттері мен еншілес компаниялары және одан тыс жерлерде серіктестері бар, Қазақстан бойынша ЖЖМ жеткізу мен сату саласындағы жетекші компаниялардың бірі.

Қазіргі уақытта SINOOIL компаниясының Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен, Қызылорда, Тараз, Ақтау, Атырау қалаларында филиалдары бар.

SINOOIL компаниясы Қазақстан бойынша ЖЖМ-ның бөлшек саудасына маманданған. Компания құрылған күнінен бастап өзін нарықтағы сервисі мен қызмет көрсету деңгейі жоғары, сапалы мұнай өнімдерінің тұрақты жеткізушісі ретінде таныта білді. Оның үш филиалында, атап айтсақ, Алматы, Астана, Ақтөбе филиалдарында мұнай өнімдерін сақтаудың озық технологияларымен, өрт қауіпсіздігі құралдарымен жабдықталған мұнай базалары орналасқан. Әр филиалда ЖЖМ-ны соңғы тұтынушыларға сатуға арналған жанар-жағармай құю бекеттерінің (ЖЖБ) желісі бар.  Автомобиль иелеріне ыңғайлы болу үшін әрбір жанар-жағармай құю бекеттерінде шағын маркеттер ұйымдастырылған, ол жерден сусын, кәмпиттен бастап қозғалтқыштарға арналған май мен қоспаларға дейінгі барлық қажет, пайдалы тауарлар сатып алуға болады. анар-жағармай құю бекеттерінде, сонымен қатар, Май ауыстыру орындары (МАО) да ашылған. Мамандарымыз автомобиліңіздің техникалық және тұтынымдық сипаттамаларына қарай оған лайық мотор майын таңдап береді. Дүкеннен мотор майын сатып алсаңыз, сол жерден Сізге оны тегін ауыстырып береді. Жоғары санатты жабдықтар, ісіне деген жауапкершілік, көп жылғы тәжірибе, міне, мамандарымыздың жұмысының басты құрамдас бөліктері осылар.

SINOOIL компаниясы қызметінің бағыттарының бірі – жанар-жағармай құю бекеттерінде жанармайға қолма-қол ақшасыз смарт-карта арқылы, талон арқылы ақы төлеу жүйесі сияқты клиенттер үшін өте ыңғайлы да тиімді жүйелерді ұйымдастыру. Мұндай жүйелер өздерінің автомобиль паркі бар немесе бензин құнын қызметкерлеріне қайтарып беретін компаниялар үшін шығарылған. Бүгінгі таңда SINOOIL компаниясы корпоративтік клиенттермен де, жеке тұлғалармен де жұмыс істейді. Компаниямыздың жанар-жағармай құю бекеттерінде SINOOIL смарт-карталарынан басқа банк карталары мен ALACARD карталары да қабылданады.
 
Әр филиалда кассир-операторларды және оператор-май құюшыларды оқытуға арналған, соңында сертификат-паспорт берілетін оқу орталықтары ұйымдастырылған. Жанар-жағармай құю бекеттерін қалай пайдаланудың теориялық ілімі мен тәжірибелік дағдыларын арттыру мақсатында қызметкерлерді оқыту жылына бір рет жүргізіледі. Компания қызметкерлерінің жұмысына толық берілгендігі мен кәсіпқойлығы – компанияның экономикалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға қажет негізгі компоненттер болып табылады. Сондықтан компания әрбір қызметкер өзінің әлеуетін көтере алуы үшін оның бойындағы қабілеттері мен дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөледі.
 
SINOOIL компаниясы заманауи стандарттарды енгізумен қатар қауіпсіздікті, қызмет көрсетуді, сапа мен құндылықты қамтамасыз ете отырып, клиенттермен пайдалы да ұзақ қарым-қатынастарды дамытып, қолдап отырады. Компания жоғары сапалы тауар мен әлемдік стандарттағы қызметтерді ұсына отырып, нарықта іскерлік жеңіске жетудің жолдарын жан-жақты іздеу үстінде.

Компаниямыздың алтын ережелері:

  • 1.

    Біз өз клиенттеріміздің қажеттіліктерін жете түсініп, ЖЖМ сату мен соған байланысты қызметтер көрсету бойынша қызметімізді сол қажеттіліктерге сай жүзеге асырамыз.

  • 2.

    Біз көрсетілетін қызметтер сапасына ерекше көңіл бөлеміз. Клиенттеріміз риза болып, бізге келіп тұрғандарын  қалаймыз.

  • 3.

    Біздің өнімдеріміз бен қызметтеріміз сапаның ең жоғары стандарттарына жауап береді.

  • 4.

    Біз тек клиенттеріміздің мүддесінде әрекет етіп, өз әрекеттеріміз үшін жауап береміз.

  • 5.
    Біз проблемаларды жоюды өз мойнымызға алып, жұмысымыздың сапасын арттырып отыруға тырысамыз.
  • 6.

    Клиенттің кез келген шағымы қаралуы және реттелуі тиіс. Біз айтылған сынға, көрсетілетін қызметтеріміздің сапасын жақсарту мүмкіндігі ретінде қараймыз.

  • 7.

    Біз ең сапалы қызмет көрсетіп, инновациялық шешімдер қабылдап, өз саламыздың көшбасшысы болуды көздейміз.

  • 8.

    Клиенттеріміздің сенімдерін ақтау үшін әрі қарай көп еңбек етуге дайынбыз.

  • 9.

    Біз сапалы, сенімді жеткізушілерді ғана таңдаймыз.

  • 10.

    Біз қызметкерлерімізді бағалап, олардың сапалы жұмысын ынталандырып отырамыз.