Евро-4 отынын

Евро-4 отынын

Құрметті клиенттер!

Біз Сізге «Sinooil» компаниясына сенім білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз және Сізді жаңа да ерекше ұсынысымыз жайынан хабардар ететінімізге қуаныштымыз!   
2014 жылдың 12 мамыр айынан баста, «Sinooil» айрықша артықшылықтардың жиынтығын қамтып, жауапты да оңтайлы таңдау нышанына айналған әлемдік Euro-4 стандартының жаңа отынын мақтанышпен ұсынады.

Euro-4 стандартының отынын пайдалану Сіздің адал досыңыз бен көмекшіңіздің қозғалтқышының сенімді де үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Барлық клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандру үшін біз жаңа Euro-4 стандартына сәйкес келетін АИ-93 және АИ-97 маркалы бензинін ұсынамыз.

 белгісі бар бензинді таңдап, Автомобиліңіздің мүлтіксіз жұмысынан рахат алыңыз!

 стандарты автомобильдің отын жүйесінің ойдағыдай қызмет етуінің кепілі болып табылады.

Біз мұнай өңдеу зауытынан  Sinooil АЖҚС-на дейінгі барлық сатыларында сараптама мен сертификаттау жүргізе отырып, отын сапасын бақылауды жүзеге асырамыз.

Артықшылықтары Евро-4:
қозғалтқыштың қуатын арттырады, оны пайдалану мерзімі мен жұмысқа қабілеттілік деңгейін арттырады, сондай-ақ қозғалтқыштың іске қосылу мен жұмыс режіміне ауысу уақытын тездетеді және шуы мен дірілін азайтады;

жану камерасы мен шығарғыш клапандардың тазалығын қамтамасыз етеді;

тез тұтанып, бірқалыпты жануы қозғалтқыштың тез тозуына кедергі жасайды;

білтелер мен барлық  отын жүйесінің қатардан шығып қалу мүмкіндігін азайтады;

қоршаған ортаның уытты қосылыстармен ластану деңгейін төмендетеді.